Шоу-бизнес

«Миымды қатырмай, кетші әрі»: Танымал композитор журналисті шешеден боқтап жіберді

Екі спикер кезінде дау болған әнші Сәкен Майғазиев пен белсенді журналист Аружан Дүйсебайдың оқиғасын сөз қылған. Дүйсебай Майғазиевті Шымкент қалалық Мәдениет үйінен ақша жымқырды деп айыптаған кезде Құрманәлі Facebook-те әншіні қолдап пост жазған болатын. Онда композитор Аружан Дүйсебай туралы:

Аман Тасыған композиторға өзі білмейтін, танымайтын қыздың арына тиген жоқсыз ба деп сұрақ қойған кезде Құрманәлі ашуланып кетті.

- Ауруханада жатып, ашынып жаздым. Мен оны не үшін жаздым? Ол қызды танымаймын да.

- Танымайсыз, білмейсіз, неге айтасыз?

- Тыңда, айналайын. Сен сол қыздың ағасысың ба әлде соны қолдап отырсың ба?! Тыңдап алсай сен. Неге сен Сәкеннің жағына шықпайсың?! Сәкеннің ақша ұрлағанын көрдің ба?! Сен өзің қазір бір жаққа бұрып отырсың. Ол қыздың ары деп айтпа. Өзің де жезөкшелікке бұрып отырсың. Менің миымды қатырмашы, сен. Кет, шеш... - деген композитор Тасығанды шешесінен балағаттап, орнынан тұрып кетті.

Сұхбатты бөлуге оқталды, алайда журналист оның сұрақтан қаша алмайтынын айтып, сабырға шақырды. Ақырында Құрманәлі болған жайтқа қатысты былай деп пікір білдірді.

-->

Мен осы жерде аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып, дәлелсіз, дәйексіз көкбеттікке салынып жатқан әлгі қызды аядым.

Аядым да мүсіркедім. Неткен жиіркенішті. Ертең ол да бір үйдің келіні болады-ау… Мүмкін мына мінезімен, болары болып, бояуы сіңіп, қайтып келіп қойған да шығар-ау? Егер күйеуге шықпаған жан болса, онда болашақта бір момын жігіттің сорын қайнатқалы тұрғанына дауым жоқ, - деген.

Аман Тасыған композиторға өзі білмейтін, танымайтын қыздың арына тиген жоқсыз ба деп сұрақ қойған кезде Құрманәлі ашуланып кетті.

- Ауруханада жатып, ашынып жаздым. Мен оны не үшін жаздым? Ол қызды танымаймын да.

- Танымайсыз, білмейсіз, неге айтасыз?

- Тыңда, айналайын. Сен сол қыздың ағасысың ба әлде соны қолдап отырсың ба?! Тыңдап алсай сен. Неге сен Сәкеннің жағына шықпайсың?! Сәкеннің ақша ұрлағанын көрдің ба?! Сен өзің қазір бір жаққа бұрып отырсың. Ол қыздың ары деп айтпа. Өзің де жезөкшелікке бұрып отырсың. Менің миымды қатырмашы, сен. Кет, шеш... - деген композитор Тасығанды шешесінен балағаттап, орнынан тұрып кетті.

Сұхбатты бөлуге оқталды, алайда журналист оның сұрақтан қаша алмайтынын айтып, сабырға шақырды. Ақырында Құрманәлі болған жайтқа қатысты былай деп пікір білдірді.

Ол бір тұлғаны жерге таптап отыр. Жасамаған қылмысын жасағандай қылды. Адамның ақша жегенін журналист айтпайды ғой. Ол тергеуші емес.

Оның үстіне маған: «Қалдыбек Сәкенді жақтап отырғанына қарағанда, кезінде өзі де Түркістан сарайын басқарған. Өзінің де былығын ашпау үшін осы істің жабылуына күш салып жатқанын анық байқауға болады», - деген.

Журналистік зерттеу істесін. Ал ол отырып алып, YouTube канал ашып, телефонын қойып, видео түсіреді. Айтпа демеймін, айтсын. Бірақ дәлелмен айтсын. Егер ол (авт. Майғазиев) қылмыскер болса, қамалсын. Мен қылмыскерді қорғамаймын. Мен болсам, ол қыздың жағын сындырып, Мамайымен қосып, Қапшағайға ағызып жіберер едім, - дейді Құрманәлі.