«Басын кесіп аламыз деді»: Ninety One Түркістандағы концерттің өтпеу себебін айтты (ВИДЕО)
Атышулы бұл топ Түркістандағы халықтың наразылығын өздерінің сыртқытүр-тұлғаларымен байланыстырып отыр.
-->
Бүгін Түркістанда концертіміз өтуі тиіс еді. Одан бөлек, облыстық кітапханада жастармен кездесу жоспары да болған. Алайда, кеше бізге менеджеріміз хабарласып, Түркістандағы концерттің болмайтынын хабарлады. Себебін сұрасақ, сондағы халық әкімдікке шығып, біздің келуімізге қарсылық танытқан екен, - дейді топ мүшелері Zamandas подкастында болған сұхбатта .
Атышулы бұл топ Түркістандағы халықтың наразылығын өздерінің сыртқытүр-тұлғаларымен байланыстырып отыр.
Сол баяғы жыр. 2015 жылы басталған әңгімеге қайта оралып отырмыз. Шаштары боялған, сырға таққан жігіттерді сахнадан көргілері келмейді. Бұл бірінші рет болған жағдай емес, етіміз үйренді. Біз концертті кез келген жағдайда абыроймен өткізер едік. Алайда ұйымдастырушылар мұндай жауапкершілікті мойындарына алғылары келмеді. Себебі бұл жерде жай ғана наразылық болған жоқ, шағымданғандар көтеріліске шығатынын, тіпті, басымызды кесіп алудан тайынбайтынын айтқан, - дейді Ninety One жігіттері.