Шоу-бизнес

«Бақытсыз қылған жанды кешіріңдер...»: Жұлдыз Әбдікәрімованың ВИДЕОСЫ көпшілікті ойландырып қойды

Танымал актриса өлең жолдары арқылы біреуді кешіргенін және ішіндегі бір адамды босатқанын айтады.

Бұған оқырмандары аң-таң болып, өздерінің түрлі болжамдарын жазып жатыр. 

 

-->

Танымал актриса өлең жолдары арқылы біреуді кешіргенін және ішіндегі бір адамды босатқанын айтады.

Босаттым ішімдегі бір адамды, Кешірдім кінәларды, күнәларды, Сөйтті де өмір мұңнан бір тазарды, Сөйтті де көңіл кірден бір ағарды. Болса екен ұзағынан осы күндер, Бәлкім, ел қателік-ау шешімің дер… Ей, адамдар, бақытты болғың келсе, Бақытсыз қылған жанды кешіріңдер, – деп өлең оқыды ол.

Бұған оқырмандары аң-таң болып, өздерінің түрлі болжамдарын жазып жатыр. 

«Өзіңіз туралы айтып тұрған сияқтысыз», «Қайратты кешіресіз ба сонда?», «Жолдасыңыздан кетпеңіз. Сондай жарасымды жұпсыздар», «Бақытты болыңыз! Мен сізге ризамын! Балдарыңыздың қызықшылығын көріп жүре беріңіз», «Өте мағыналы сөздер», «Кімге арналған екен бұл өлең жолдары», «Өз жағдайыңыздан сыр шертіп тұрғандайсыз», – деп жазып жатыр олар.