Шоу-бизнес

«Темекіні азайттым": Атышулы Айжан Байзақова ораза ұстағанын айтты (ВИДЕО)

Stan.kz-тің жазуынша, о баста жалаңаш суреттерімен танылған блогер қасиетті айда жақсы жағына қарай өзгергенін қуана жеткізді. Темекі мен балағат сөздерді қолдануды азайтқанын мәлімдеді.   

Блогер оразаның алғашқы күндері физикалық тұрғыдан да, моралдық тұрғыдан да қиналғанын, ал уақыт өте келе үйренгенін атап өтті.   

Байзақова оразаны соңына дейін және алдағы жылдары қайталап ұстайтынын жеткізді. Өйткені тұлға ретінде қаншалықты өзгергенін өзі де байқаған. 

Айжан Рамазан айында ауыз бекіткен достарына ауызашар беріп үлгерген. Желі қолданушылары Байзақованың түзу жолға бет бұрғанын байқап, ол үшін қуанды. 

-->

Stan.kz-тің жазуынша, о баста жалаңаш суреттерімен танылған блогер қасиетті айда жақсы жағына қарай өзгергенін қуана жеткізді. Темекі мен балағат сөздерді қолдануды азайтқанын мәлімдеді.   

Алғашқыда бұл қадамға өзімді сынау үшін, тәнім мен жанымды тексеру үшін, сыртқа емес, ішке үңілу үшін бардым, - дейді Байзақова.

Блогер оразаның алғашқы күндері физикалық тұрғыдан да, моралдық тұрғыдан да қиналғанын, ал уақыт өте келе үйренгенін атап өтті.   

Бұл өмірімдегі төзімділікке деген ең мықты тексеріс болды. Өйткені менің қалыпты өмір сүру дағдымды сіздер білесіздер. Мен өзім үшін ештеңеден бас тартпайтын адаммын, - дейді Айжан.

Байзақова оразаны соңына дейін және алдағы жылдары қайталап ұстайтынын жеткізді. Өйткені тұлға ретінде қаншалықты өзгергенін өзі де байқаған. 

Темекіні азырақ шегіп, дұрысырақ тамақтанып, ұрысуды азайттым. Мнімен аз да болса таныс болсаңыз, қандай жетістік екенін түсінесіз. 

Ең бастысы, шабыт беретін толқын ұстап алғандаймын. Басымда идеялар деген тола. Әрекет етуге, ойымдағының бәрін іске асыруға деген қалауым мықты болып тұр. Бұл ойлар жеке өміріме, блогыма және жылдық жоспарыма қатысты. Осы өзгерістерді сезінгеннен кейін ғана сіздермен бөлісуді жөн көрдім. Және де жыл бойы осындай болып қалсақ екен деген тілегім бар", - деп түйіндеді сөзін блогер. 

Айжан Рамазан айында ауыз бекіткен достарына ауызашар беріп үлгерген. Желі қолданушылары Байзақованың түзу жолға бет бұрғанын байқап, ол үшін қуанды. 

«Ақиқат жолына түсуге ешқашан да кеш емес. Жарайсыз», «Қабыл болсын», «Алла қабыл етсін», «Іштей өзгерген кезіңде айналаның бәрі өзгереді», «Шексіз қуаныштымын, тіпті сөзім жоқ», «Маш Аллах», - деп пікір білдірді желі қолданушылары.