Бақыт Шадаева үшінші күйеуі сотталып кеткенін айтты
Шадаеваның айтуынша, бірінші күйеуімен ажырасуындағы бірден-бір себеп — қызғаныш.
Ал екінші некесінің сәтсіз аяқталуына күйеуінің жиі қол көтеруі себеп болған. Осылайша, онымен де дәм-тұзы жараспаған. Әнші араға бірнеше жыл салып үшінші рет күйеуге шығады. Бірақ Бақыт ол жігітпен азаматтық некеде тұрған. Кәсіпкер жігіт әншінің барлық арман-тілегін орындаған көрінеді.
Қазір басы бос әншінің қыр соңынан жас жігіттер қалмай жүр екен.
-->
Шадаеваның айтуынша, бірінші күйеуімен ажырасуындағы бірден-бір себеп — қызғаныш.
Бірінші күйеуім мен сияқты өнер адамы болды. Екеуміз бір-бірімізді түсінбедік. Ол балет актері болып жұмыс істеді. Дәл сол сәтте менің жұлдызым жарқырып тұрған еді. Ол мені қатты қызғанатын. Өнерімді қолдамады. Сол себепті ажырастым, – дейді Бақыт Шадаева.
Ал екінші некесінің сәтсіз аяқталуына күйеуінің жиі қол көтеруі себеп болған. Осылайша, онымен де дәм-тұзы жараспаған. Әнші араға бірнеше жыл салып үшінші рет күйеуге шығады. Бірақ Бақыт ол жігітпен азаматтық некеде тұрған. Кәсіпкер жігіт әншінің барлық арман-тілегін орындаған көрінеді.
Бірақ ол жігітке тұрмысқа шықпадым. Азаматтық некеде тұрдық. Екеуміз шетелге жиі шығып жүретінбіз. Екі ай АҚШ-та тұрдық. Сол кезде аяғым ауыр болып қалды. Мен қатты қуандым. Өйткені үлкен қызым 17 жаста болатын. Бірақ сол арада Алматыға келгенде оның проблемалары көбейді. Алаяқтық жасағаны үшін сотталып кетті, — дейді әнші.
Қазір басы бос әншінің қыр соңынан жас жігіттер қалмай жүр екен.