«Құдай сақтап қалды»: Атышулы Байзақова жас кезінде күйеуге тиіп кете жаздағанын айтты
Stan.kz сайтының жазуынша, ол ақшаға карт ойнап, казиноға да бәс тіккен көрінеді.
Бұдан бөлек, Айжан жастау кезінде тұрмысқа шыға жаздағанын көпшілікке жария етті.
Байзақованың пікірінше, адам отбасын құрмас бұрын әлемді танып үлгеруі керек.
-->Stan.kz сайтының жазуынша, ол ақшаға карт ойнап, казиноға да бәс тіккен көрінеді.
Мен құмар ойынға әуес адаммын. Ақшаға карта ойнадым, казинода да болдым. Сондай сәтте тоқтау қиын екенін білемін. Бірақ ақыл-ойымды іске қосып, ұтылған жағдайда кедейленіп қалмайтындай ақшаға ойнауға тырысамын. Шындығы осы. Сондықтан да жақындарымды бұл мазаламайды. Себебі қарыз алмаймын, олардың ақшаларын тікпеймін, - дейді Байзақова.
Бұдан бөлек, Айжан жастау кезінде тұрмысқа шыға жаздағанын көпшілікке жария етті.
Бірақ Құдай менің жағымда, ол мені сақтап қалды. Қазір мен әлемді танымастан, үйде үш баламен, күйеуімнің шұлығы мен іш киімін жуып отырар едім. Ал оны менің кім екенім де қызықтырмас еді. Өмірге көңілім толмағандықтан және ақымақтығымнан оның миын ашытып, ақырында ажырасар едік, - дейді блогер.
Байзақованың пікірінше, адам отбасын құрмас бұрын әлемді танып үлгеруі керек.
Алдымен іштей бақытты болсаң, некең де сәтті болады. Бір-бірлеріңнің мазаңды алмай, артық мәселесіз жақсы көресіңдер. Сондықтан не болса да жақсылыққа, - деп ағынан жарылды Байзақова.