«Қостанайда Қайрат Нұртасты ұрып кетті»: ПД басшысы түсініктеме берді (ФОТО)
Қостанай облыстық Полиция департаментінің басшысы facebook-парақшасында осы жайтқа қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, әншінің жағдайы жақсы, ақпарат – жалған.
ПД басшысы сөзінің дәлелі ретінде әншімен бірге түскен суретін жариялады. Қайрат Нұртастың Қостанайда концерт бергенін атап өтті. Сондай-ақ департамент басшысы жалған ақпарат таратқан адамды іздестіруге кірісті.
-->Қостанай облыстық Полиция департаментінің басшысы facebook-парақшасында осы жайтқа қатысты пікір білдірді.
Бүгін Қостанайда танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың аяусыз соққыға жығылғаны жөнінде хабарлама алдым. Ақпаратқа «Полиция департаментінің жетекшісі баспасөз қызметі» арқылы түсініктеме беріпті-мыс. Қайрат Нұртастың жағдайына көз жеткізу үшін онымен кездескенімді хабарлаймын, - деді Қостанай облыстық полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков.