Шоу-бизнес

«Қатты шошыдық»: Әнші Say Mo лаңкестерден қалай қашқанын айтты

Алматыдағы халықаралық әуежайға шабуыл жасалғанға дейін өнер иесі ұшақ ішіне кіріп үлгеріпті. Сол жерде ол 14 сағат отырған.

Сондай-ақ әнші қазіргідей қиын кезеңде әрбіріміз үйден шықпай, өмірімізге қауіпсіз жерде отыруға шақырды.

-->

Алматыдағы халықаралық әуежайға шабуыл жасалғанға дейін өнер иесі ұшақ ішіне кіріп үлгеріпті. Сол жерде ол 14 сағат отырған.

Әуежайға шабуыл жасалған уақытта анаммен Мәскеуге жол тартқалы жатқан едік. Бірақ Құдайдың жоспары басқаша болды. Әйтеуір ұшаққа кіріп үлгердік. Әрине ұшақта отырып, террористердің келгенін естіген кезде қатты шошыдық. Дегенмен, сол сәтте ең қауіпсіз жер сол болды. Ұшақ ішінде кешкі 20:00-ден таңғы 10:00-ге дейін отырдық. 14 сағат салқын жерде отырып, қатты ауырып қалғаным болмаса, құдайға шүкір, аман-есенбіз. Анам екеуміз қазір қауіпсіз жердеміз, — деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ әнші қазіргідей қиын кезеңде әрбіріміз үйден шықпай, өмірімізге қауіпсіз жерде отыруға шақырды.

Жолында кезіккен, көзіне көрінген нәрсені «үкіметтікі» деп қиратып жатқан жарместерге айтар сөзім жоқ. Бұның бәрі ертең халықтың ақшасына жасалатынын білесіңдер ме? “Налог” деген сөзден хабардарсыңдар ма? Бұлай бәрін қиратуды қойыңдар, – деп түйіндеді ол.