Сенат Жоғарғы Соттың судьяларын қызметінен босатты
Палата отырысында Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Президенттің ұсынымын оқып берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Сенаттың қарауына Досжан Сарманқұлұлы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді. Судья зейнеткерлік жасқа толды. Ол судьялар қоғамдастығында жоғары беделге ие», - деді Дмитрий Малахов.
Сонымен қатар Жоғарғы сот судьясы қызметінен Герман Нұрбаев босатылды. Ол жақында ТМД Экономикалық сотының төрағасы лауазымына сайланған еді.
Сенаторлар бұл ұсынысқа қолдау білдіріп дауыс берді.