Владимир Путинді «Ақорда» резиденциясы салтанатты түрде қарсы алды
Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.