Саясат

Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасындағы Алматыда өтетін келіссөздер процесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, жақында Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері Алматыда кездесетіні мәлім болды. Бұл жөнінде 28 сәуірде Әлиев АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Блинкенмен телефон арқылы сөйлескен кезде айтқан.

-->

Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасындағы Алматыда өтетін келіссөздер процесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы бейбіт келісімге дайындық жүргізу мақсатында екі елдің сыртқы істер министрлерінің келіссөзін өткізу туралы өзара келісімге келгенін құптаймын. Бұл маңызды шараның Алматыда ұйымдастырылуының символдық мәні бар. Өйткені 1991 жылы желтоқсан айында ТМД елдерінің тәуелсіз дамуына негіз қалаған және мемлекетаралық шекараны анықтау қағидаларын бекіткен тарихи құжатқа – Алматы декларациясына қол қойылған еді. Алдағы кездесу әзербайжан-армян уағдаластығының нақты іске асуына жол ашып, жуық арада Оңтүстік Кавказда тұрақты әрі ұзақмерзімді бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді, - делінген мәлімдемеде.