Тоқаев жаңадан тағайындалған Оқу-ағарту министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен ұлттық жобаларды тиімді іске асырудың маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ Президент білім беру сапасын арттыру, саладағы өзекті мәселелерді уақтылы шешу және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне назар аударып, нақты міндеттер жүктеді.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалған болатын.