Тоқаев пен Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады.
Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.