Тоқаев Нигерия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Бола Ахмед Тинубуды Нигерия Федеративтік Республикасы Тәуелсіздігінің 65 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Президент жеделхатында Қазақстан мен Нигерия арасындағы қарым-қатынастың достық сипатқа ие екенін атап өтіп, қос халықтың игілігі жолында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзірлігін растады.