Саясат

Тоқаев Мажарстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Тамаш Шуйокты Әулие Иштван күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстан Президенті жеделхатта екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа негізделген қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында өркендей беретініне сенім білдірді.