Саясат

Тоқаев Италия Министрлер Кеңесінің төрағасын қарсы алды

Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстан Президенті мен Италия Премьер-министрі бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.