«Таза парақтан»: Реформа кәсіпкерге барлық құқықтық негіздермен танысуға мүмкіндік береді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында реттеушілік саясаттың базалық қағидаттарын өзгертіп, соның аясында бизнесті «таза парақтан» реттеуді тапсырды. Бұл заң алдымен кәсіпкердің құқын қорғауға бағытталған. Ұлттық палата бизнеспен айналысып жүрген азаматтардың құқын қорғау үшін міндетті талаптардың тізілімін енгізді. Осы орайда Elorda.info тілшісі Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновпен тілдесіп, реформа бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы сұрады.
«Таза парақтан» реттеу - бұл кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге деген көзқарас, ол мұндай реттеуді адамдардың өмірі мен денсаулығына, экожүйелер мен құқықтық тәртіпке объективті түрде қауіп төнген жағдайларда ғана шектейді. Бұл тәсіл мемлекеттік органдарды бизнеске қойылатын талаптарды дәлелді, іс жүзінде орындалатын, қолжетімді баяндалған және екі жақты түсіндіруге жол бермейтін етіп тұжырымдауға міндеттейді.
Бизнеске қойылатын барлық талаптың толық тізбесін қамтитын бірыңғай база кәсіпкерге бизнесті жүргізудің барлық құқықтық негіздерімен танысуға мүмкіндік береді. Соның ішінде мемлекеттік реттеудің талаптары да анық көрсетіледі. Егер талап тізілімде болса, онда ол бойынша мемлекеттік орган тексеруге және жазалауға құқылы екенін кәсіпкер білуі керек. Егер тізілімде талап болмаса, онда жаза да жоқ. Бұл жерде – заңды білген жаза баспайды деген қағидат.
Кейіпкер сөзінше, 44 реттеу саласындағы талаптарды тексеру нәтижесінде IT және кеңес беру, сауда қызметі және қоғамдық тамақтану сияқты салалардағы талаптардың 30 пайыздан астамын жою немесе қайта қарау ұсынылған. Сондай-ақ талаптардың 20 пайыздан астамы балық шаруашылығы, авторлық және сабақтас құқықтар және көлік салаларында өзгеруге жатады.
2015 жылдан бастап прокуратура органдарына келіп түсетін шағымдар саны 4 есеге жуық өсті. 2015 жылы 17 481 шағым тіркелді, 2019 жылы - 73 247, 2020 жылы - 81 300, 2021 жылдың алғашқы 7 айында - 31 621, 2022 жылы - 69 290 шығам.
2022 жылы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс шеңберінде қойылған барлық талаптардың 54 пайызы мемлекеттік сатып алу орталығына жіберілді. 2022 жылы соттарға 20110 талап қойылды. Жалпы талаптардың 7 655 – і (38%) Инвестициялар және даму министрлігіне, ал 10 889-ы (54%) Мемлекеттік сатып алу орталығына қойылды.
Биыл тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыруды талап ететін норма күшіне енді. Егер тәуекелдерді басқару жүйесі автоматтандырылмаған болса, мемлекеттік органға бақыланатын субъектілердің 5 пайыздан аспайтын бөлігін тексеруге рұқсат етіледі, ал қалған 95 пайызы Цифрлық жүйе арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Қазіргі уақытта салалық тәуекелдерді басқару жүйелерінің көпшілігі әлі де даму сатысында. Премьер-министр мемлекеттік органдарға бұл жұмысты 2023 жылдың наурызына дейін аяқтауды бірнеше рет тапсырды. Дамудың кешігуі мемлекеттік бақылауды автоматтандырудың ілгерілеуіне кедергі келтіреді.
-->

Жалпы, талаптарды қайта қарауды кәсіпкерлердің көбі жұмыс істейтін төрт саладан бастадық. Еліміздегі бизнеспен айналысып жүрген азаматтардың 60%-дан астамы – сауда, ауыл шаруашылығы, қоғамдық тамақтандыру, көлік саласында қызмет етеді. Бұл реформаның мақсаты бизнес ахуалды және мемлекеттік реттеудің тиімділігін жақсарту болып табылады. Негізгі идея - адамдардың өмірі мен денсаулығына, экологияға, құқықтық тәртіп пен адамгершілікке қауіп төнген жағдайда ғана реттеу, - деп атап өтті Рустам Жүрсінов.
Кейіпкер сөзінше, 44 реттеу саласындағы талаптарды тексеру нәтижесінде IT және кеңес беру, сауда қызметі және қоғамдық тамақтану сияқты салалардағы талаптардың 30 пайыздан астамын жою немесе қайта қарау ұсынылған. Сондай-ақ талаптардың 20 пайыздан астамы балық шаруашылығы, авторлық және сабақтас құқықтар және көлік салаларында өзгеруге жатады.
Барлығы 2 823 нормативтік-құқықтық акт талданды, онда 128 мыңнан астам талап анықталды. Оның 10 мыңы немесе 8 пайызы негізгі шарттарға сәйкес келмейді. Ұсынылған түзетулер Президент әкімшілігінде қаралуда,-деді ол.
2015 жылдан бастап прокуратура органдарына келіп түсетін шағымдар саны 4 есеге жуық өсті. 2015 жылы 17 481 шағым тіркелді, 2019 жылы - 73 247, 2020 жылы - 81 300, 2021 жылдың алғашқы 7 айында - 31 621, 2022 жылы - 69 290 шығам.
2022 жылы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс шеңберінде қойылған барлық талаптардың 54 пайызы мемлекеттік сатып алу орталығына жіберілді. 2022 жылы соттарға 20110 талап қойылды. Жалпы талаптардың 7 655 – і (38%) Инвестициялар және даму министрлігіне, ал 10 889-ы (54%) Мемлекеттік сатып алу орталығына қойылды.
2022 жылы бизнес-омбудсмен кеңсесіне кәсіпкерлерден 4 408 шағым түсті. Оның ішінде 1 530 шағым бойынша оң шешім қабылданды. Қазіргі уақытта бизнес көбінесе мемлекеттік органдарды тексеруге, жауапкершілікке тартуға және сатып алуға шағымданады. Бұл азаматтық-құқықтық қатынастарға байланысты, - деді Рустам Жүрсінов.
Биыл тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыруды талап ететін норма күшіне енді. Егер тәуекелдерді басқару жүйесі автоматтандырылмаған болса, мемлекеттік органға бақыланатын субъектілердің 5 пайыздан аспайтын бөлігін тексеруге рұқсат етіледі, ал қалған 95 пайызы Цифрлық жүйе арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Қазіргі уақытта салалық тәуекелдерді басқару жүйелерінің көпшілігі әлі де даму сатысында. Премьер-министр мемлекеттік органдарға бұл жұмысты 2023 жылдың наурызына дейін аяқтауды бірнеше рет тапсырды. Дамудың кешігуі мемлекеттік бақылауды автоматтандырудың ілгерілеуіне кедергі келтіреді.
2022 жылы 70 бақылау саласының тек 35-і ғана пайдалануға берілді. Қалған облыстарда техникалық жұмыстар жалғасуда. Жаңа реттеуші саясатқа сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыруды жүзеге асырмайтын мемлекеттік органдардың бақылау іс-шараларын жүргізуге мүмкіндігі болмайды. Сайып келгенде, барлық жүйелер Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетімен интеграциялануы тиіс, - деп қорытындылады Рустам Жүрсінов.