Саясат

Түркістанда Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми кездеседі

21-22 сәуір күндері Түркістанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Келіссөз барысында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасы және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады.