Саясат

State Power Investment Corporation Қазақстанның жасыл энергетика саласындағы жобаларына инвестиция құяды

Мемлекет басшысы State Power Investment Corporation компаниясының басқарма төрағасы Цянь Чжиминьді қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Қытайдың ірі энергетикалық компанияларының қатарына кіретін State Power Investment Corporation Қазақстанның жасыл энергетика саласындағы жобаларына белсенді түрде инвестиция құяды.

лор1.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын ауқымды жел электр стансасын салу жөніндегі бастамасын қолдады. Президентке State Power Investment Corporation компаниясының Қазақстанда жел электр стансаларына арналған құрал-жабдық өндірісін іске қосу ниеті туралы мәлімет берілді.

Өз кезегінде Цянь Чжиминь әлеуметтік жауапкершілік аясында оның компаниясы Қазақстанның оңтүстігінде қуаты 200 ГКаллға дейін жететін жылу стансасын салуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар кездесуде State Power Investment Corporation компаниясының технологиялық және ғылыми-зерттеу тәжірибесі мол екені ескеріліп, «жасыл» сутегі өндірісі саласындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.

-->