Солтүстік Қазақстанда бірнеше ауылдың атауы өзгертіледі
Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік қаулысы мен өңірлік маслихаттың бірлескен шешім-жобасында көрсетілген, деп хабарлады Elorda.info
Қоғам талқылауында ұсынылған жоба бойынша, алдағы уақытта Солтүстік Қазақстан облысының төмендегі елді мекендері қазақша атауға ие болуы мүмкін.
Жоба 7-қыркүйекке дейін қоғам талқылауында болады.
-->Қоғам талқылауында ұсынылған жоба бойынша, алдағы уақытта Солтүстік Қазақстан облысының төмендегі елді мекендері қазақша атауға ие болуы мүмкін.
Айыртау ауданының Қамсақты ауылдық округінің Карасевка ауылы - Қамсақты ауылы, Володар ауылдық округінің Воскресеновка ауылы - Баянтай ауылы деп қайта аталу ұсынылған. Сондай-ақ, Шал ақын ауданының, Кривощеков ауылдық округі - Арай ауылдық округі, Кривощеково ауылы - Арай ауылы деп қайта аталсын,-делінген облыстық әкімдік пен мәслихат шешімімен дайнджалған жоба қаулыда.
Жоба 7-қыркүйекке дейін қоғам талқылауында болады.