Саясат

«Соңғы сөз халықта»: депутат Бақытжан Базарбек қай партияға баратынын айтты

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Мәжіліс кулуарында қай партияға баратынын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Әлі жоспармен жұмыс істеп жатырмыз. 2026-2027 жылдары жұмысты аяқтап жатқан кезде халықтың сұрауын тыңдайтын боламыз. Егер де халық «Мәжілісте Базарбек емес, осы кісілер болсын» десе мен партиялар ұсынса да Парламентке келмеймін. Қазір маған көз тигіп отырған партиялар өте көп. Бірақ соңғы шешімді өзім қабылдаймын. Сондықтан бұл жерде бастысы – халықтың шешімі. Халық егер «Базарбек қажет десе», мен барамын. Шыны керек, үш жылдан бері  бас партиямен үлкен жұмыс атқарып жатырмын. Сондықтан мен тек қана мүмкіндігі зор, өктемділігі үлкен және мүмкіндігі бар күшпен ғана жұмыс істей аламын. Бірақ та соңғы сөз - халықта, егер олар «жоқ» десе, мен өз кандидатурамды ұсынбаймын»,- деді Бақытжан Базарбек.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ELORDA.info (@elorda.info)