Саясат

Шет ел басшылары Тоқаевты Рамазан айының басталуымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысын:

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев;

Сауд Арабиясының Королі, Қос киенің сақшысы Салман бен Әбделазиз Әл Сауд;

Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі ханзада Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд;

БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум;

Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн;

Кувейт Мемлекетінің Әмірі Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах;

Кувейттің Тақ мұрагері Сабах Халид әл-Хамад Ас-Сабах;

Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ;

Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси;

Марокко Королі VI Мұхаммед;

Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа;

Израиль Президенті Ицхак Герцог;

Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха;

ОПЕК бас хатшысы Хайсам әл-Гаис және басқалары құттықтады.

Қазақстан Президентінің атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.