Сенаторлар трансферттік баға белгілеу мәселелері туралы заңды мақұлдады
Отырыс барысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады, деп хабарлайды Elorda.info.
Бұл заң Қазақстанның негізгі экспорттық позицияларының баға белгілеуіне бақылауды күшейтуге бағытталған. Атап айтқанда, заң салық салынатын кірісті ұлғайтуға мүмкіндік беретін интерквартильдік ауқымды және баға диапазонының медианалық мәнін қолдану арқылы экспорттық бағаны төмендетуге жол бермейді.
Сондай-ақ отырыс барысында атап өтілгендей, құжат нормалары салық төлеушілердің де, тексерушілердің де әкімшілік шығындарын төмендетуге арналған.
Сонымен қатар Палата отырысында сенаторлар депутаттық сауалдарын жолдады.
-->Бұл заң Қазақстанның негізгі экспорттық позицияларының баға белгілеуіне бақылауды күшейтуге бағытталған. Атап айтқанда, заң салық салынатын кірісті ұлғайтуға мүмкіндік беретін интерквартильдік ауқымды және баға диапазонының медианалық мәнін қолдану арқылы экспорттық бағаны төмендетуге жол бермейді.
Сондай-ақ отырыс барысында атап өтілгендей, құжат нормалары салық төлеушілердің де, тексерушілердің де әкімшілік шығындарын төмендетуге арналған.
Мемлекет басшысы трансферттік баға белгілеу мәселелерін мұқият пысықтауды тапсырғаны белгілі. Осы бағыттағы жұмыстың бірі ретінде трансферттік баға белгілеу тетіктерін жетілдіруді көздейтін заң әзірленді. Заңда халықаралық іскерлік операциялар мен келісімшарттар жасау кезінде кіріс ысырабын болдырмауға бағытталған қосымша ережелер қарастырылған. Сондай-ақ, капиталды елден шығаруға бақылауды күшейтуге арналған түзетулер бар. Алдағы уақытта заң бұл салада мемлекет мүддесінің тиімді қорғалуын қамтамасыз етеді деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар Палата отырысында сенаторлар депутаттық сауалдарын жолдады.