Саясат

Сайлау мен референдум айырмашылығы қандай? – заңгер жауабы

Референдум бұл ел деңгейіндегі маңызды мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылатын жалпыхалықтық дауыс беру. Бұл елдің барлық аумағында бір мезете бір мақсатта өткізіледі. Елімізде соңғы рет референдум 2022 жылы Конституциямызға өзгерістер енгізу үшін өтті. Осы орайда «Сайлау мен референдумның айырмашылығы қандай?». Бұл жайында Maqsut Narikbayev University Құқық жоғары мектебінің аға оқытушысы Ахметжан Бейсембеков аражігін ажыратып айтып берді.

Бүгінгі таңда демократиялық дамушы елдер кейбір маңызды мәселелерді сайлау емес, референдум арқылы шешіп отырады.

Сондай-ақ олардың тағы бір айырмашылығы бар.

Сарапшының айтуынша, референдум мен сайлаудың ұқсас тұстары да бар. Мәселен электоратты қамту жағынан бір-біріне ұқсайды. Екеуінде де  әр азамат өзінің тіркелген мекенжайы бойынша сайлау учаскелеріне барып, дауыс береді.

Конституцияға соңғы бірқатар өзгерістер мен толықтырулар референдум арқылы енгізілді. Бұған дейінгі |Ата заңға өзгерістер референдумсыз енген болатын.  Бұған қатысты спикер өз ойын білдірді. Ол Мемлекет басшысының осы жолғы шешімін өте орынды деп санайтынын айтады.

Елімізде жалпыхалықтық талқылауға салынып, Ата заңымызға референдум арқылыөзгертулер мен толықтырулар енгізілгеніне екі жылға таяп қалды. Осы өзгерістер елдің саяси-әлеуметтік дамуына қаншалықты әсер етті?,-деген сұраққа заңгер төмендегіше пікір білдірді.

-->

Сайлауда халық белгілі бір саяси партияға болмаса үміткерге дауыс береді. Ал референдумда күн тәртібіндегі конституциялық реформалар, заң жобасын қолдайтыныңызды не қолдамайтыныңызды білдіресіз. Мұнда таңдауға көп балама болмайды. Ал сайлауда бір емес, бірнеше нұсқалар ұсынылуы мүмкін. Мәселен, Президент сайлауын алатын болсақ, мұнда екі тіпті 5 үміткерге дейін болуы мүмкін.  Ал референдумда Президенттің өкілеттілік мерзімін ұзартамыз ба әлде ұзартпаймыз ба деген сияқты  2 таңдау ғана болады. Міне, екеуінің негізгі айырмашылығы осында, - дейді заңгер.

Сондай-ақ олардың тағы бір айырмашылығы бар.

Референдумда нақты бір мерзім көрсетілмейді. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын республикалық референдум өтті емес пе? Төртінші референдумда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар 3 жылға не 5 жылға енгізілді деген сұрақ болған жоқ. Ал Президент сайлауы өткенде мерзім жазылды. Сол мерзім аяқталған соң қайтадан сұрақ күн тәртібіне шығарылады. Мысалы, бізде Президент 7 жылға сайланады. Кейін  осы мәселе қайтадан қарастырылады. Ал референдумда бұл мәселені қайтадан көтермейміз, - деп түсіндірді заңгер.

Сарапшының айтуынша, референдум мен сайлаудың ұқсас тұстары да бар. Мәселен электоратты қамту жағынан бір-біріне ұқсайды. Екеуінде де  әр азамат өзінің тіркелген мекенжайы бойынша сайлау учаскелеріне барып, дауыс береді.

Конституцияда «Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; конституциялық заңдарды қабылдайды» деп жазылған. Ал Конституцияны кім қабылдайды. Әлбетте, халықтың өзі Ата Заңда оған  өзгерістер мен толықтырулар енгізудің 2 жолы көрсетілген. Біріншісі –Парламент, екіншісі – референдум. Бұл жерде заңмен тыйым салынбағанның барлығы рұқсат деген принцип бар, - деді спикер.

Конституцияға соңғы бірқатар өзгерістер мен толықтырулар референдум арқылы енгізілді. Бұған дейінгі |Ата заңға өзгерістер референдумсыз енген болатын.  Бұған қатысты спикер өз ойын білдірді. Ол Мемлекет басшысының осы жолғы шешімін өте орынды деп санайтынын айтады.

Жалпы демократияны жүзеге асырудың 2 механизмі бар. Біріншісі – өкілді демократия, екіншісі – тікелей демократия. Соңғысы – депутаттардың қатысуынсыз халықтың өзі тікелей жүзеге асыратын формасы.  Бұл саяси тұрғыда легитимділікті (легитимділік – халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы) қамтамасыз ету үшін керек. Бұл ел тізгінін ұстаған жаңа президенттің Парламенттің емес, тікелей халықтың үніне құлақ түруі. Қысқаша айтқанда, бұл саяси қадамдар, саяси әдіс-тәсілдер. Бұдан мен ешқандай негатив көріп тұрғаным жоқ. Осы тұрғыдан Тоқаевтың жасаған қадамы – өте орынды. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Ал халық қарсылық танытпады. Керісінше ел халқы мұны қолдады, - деді аға оқытушы.

Елімізде жалпыхалықтық талқылауға салынып, Ата заңымызға референдум арқылыөзгертулер мен толықтырулар енгізілгеніне екі жылға таяп қалды. Осы өзгерістер елдің саяси-әлеуметтік дамуына қаншалықты әсер етті?,-деген сұраққа заңгер төмендегіше пікір білдірді.

«Біткен іске сыншы көп» демекші барлығымыз да кез келген істі сынауға болмаса сыни көзқараспен қарауға шебер болып кетеміз. Заңгер ретінде айтарым, мұның жағымды жақтары болды. Алайда ауыз толтырып айтатындай референдум өткеніне көп уақыт болмады. Үлкен жетістік ретінде Мәжіліске депутаттар бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатынын айтуға болады, - деп сөзін түйіндеді Ахметжан Бейсембеков.