Саясат

Руслан Желдібай Тоқаевтың көмекшісі әрі баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа көмекшісін әрі баспасөз хатшысын тағайындады, деп жазады Elordainfo.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босады», - деп хабарлаған Ақорда.

Сондай-ақ Тоқаевтың Жарлығымен Қуанышбек Есекеев Президенттің көмекшісі болып тағайындалды, ол да бұрынғы атқарған лауазымынан босады. Ал Президенттің Протоколы қызметінің бастығы әрі Президенттің кеңесшісі лауазымына Марат Әшім тағайындалды.