Өрт кезінде қаза тапқан орманшылардың отбасыларына өтемақы төленеді
Құжат Президенттің Абай облысындағы табиғи өртті жою бойынша 2023 жылғы 11 маусымдағы Жедел штаб отырысында берген тапсырмасына сәйкес әзірленген, деп хабарлады Elorda.info.
Экология министрлігі қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы құжатты "Ашық НҚА" порталында талқылауға ұсынды
Құжат 12 тамыз күні ашық талқылауға қойылған. Ол Орман кодексінің 70-бабының 1-тармағына және президенттің Абай облысындағы табиғи өртті жою бойынша 2023 жылғы 11 маусымдағы Жедел штаб отырысында берген тапсырмасына сәйкес әзірленген.
Ақшалай төлемді рәсімдеу үшін, белгіленген үлгідегі өтініш; қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болуы туралы хабарлама; азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (туу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін ауыстыру), басқа адамдар өтініш берушінің отбасы мүшесі болып танылған жағдайда соңғылары өздерін өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелері күндізгі оқу нысанының білім алушысы болып табылса, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы (жыл сайын оқу жылының басында ұсынылады); теңгедегі банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтер; егер кәмелетке толмаған отбасы мүшелері жетім не ата-анасының қамқорлығынсыз қалса, қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің кәмелетке толмаған отбасы мүшесіне қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжаттың көшірмесі қажет.
Аталған құжат 28 тамызға дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауда болады.
-->Экология министрлігі қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы құжатты "Ашық НҚА" порталында талқылауға ұсынды
Құжат 12 тамыз күні ашық талқылауға қойылған. Ол Орман кодексінің 70-бабының 1-тармағына және президенттің Абай облысындағы табиғи өртті жою бойынша 2023 жылғы 11 маусымдағы Жедел штаб отырысында берген тапсырмасына сәйкес әзірленген.
Ақшалай төлем қызметтік міндеттерін (мемлекеттік орман күзету міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне жүргізіледі. Құжатқа сәйкес, қызметкердің, курсанттың, мемлекеттік орман күзету қызметшісінің отбасы мүшелеріне жұбайы, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу орнын бітіргенге дейін жиырма үш жастан аспайтын балалары, оның ішінде асырап алған балалары, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздары жатады - деп көрсетілген жобалық құжатта. .