Республика күні халықтың болашаққа сенімін нығайтатын ерекше мейрам болуы керек - Президент
Бұл туралы Ақордада Республика күніне орай бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Мемлекет басшысының сөзінше, бұл күнде патриоттық, қайырымдылық және волонтерлік іс-шараларды көптеп ұйымдастырған жөн.
-->Бұл туралы Ақордада Республика күніне орай бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгінде біздің мемлекеттілігіміз қарқынды дамыған егемен республиканың өркениетті әрі құқықтық сипатына ие болды. Қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғап, жан-жақты нығайту – бәріміздің ортақ міндетіміз, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы перзенттік парызымыз. Біз Республика күнінің мән-маңызын, оның мықты мемлекет және көзі ашық, көкірегі ояу ұлт қалыптастыруға бағытталған ауқымды өзгерістердің символы ретіндегі терең мағынасын жастарға түсіндіруіміз керек. Республика күні халықтың болашаққа сенімін нығайтатын ерекше мейрам болуы керек, - деді Президент.
Мемлекет басшысының сөзінше, бұл күнде патриоттық, қайырымдылық және волонтерлік іс-шараларды көптеп ұйымдастырған жөн.
Егемендік күні ұлтты ұйыстыратын нағыз елдіктің мейрамына айналуға тиіс. Яғни, осы қастерлі мерекеде Отанға деген шынайы сүйіспеншілікті дәріптеуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ іс. Сондықтан бәріміз бір ел болып атсалысайық!, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.