Саясат

Eкі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтудағы маңызды қадам – депутат

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, AMANAT партиясының фракция жетекшісі Елнұр Бейсенбаев өзінің Instagram-дағы парақшасында қашанда мемлекет дамуында еларалық байланыстардың маңызы зор екеніне тоқтала келе, Қазақстанның, әсіресе, көршілес елдермен тату және достық байланысқа баса мән беріп, қатарласа, қанаттаса дамып келе жатқанын жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ресей Президенті Владимир Владимирович Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтудағы маңызды қадам деп есептейміз. Елордамызда өтіп жатқан кездесуде ең жоғары деңгейде сауда-экономика, көлік-логистика, отын-энергетика, ғылым және техника салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты ауқымды мәселелер талқыланбақ. Бұл Қазақстан-Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың белсенді дамуына оң ықпал етуімен қатар, жаңа мүмкіндіктерге де жол ашатыны сөзсіз», - деді Елнұр Бейсенбаев.