Президент: Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жұмысы жандана түсті
Қасым-Жомарт тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте қазір заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жұмысы жандана түскенін айтты, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан салмақты және дербес экономикалық саясат жүргізуі керек екенін еске салды.
Мемлекет басшысының айтуынша, барлық қаражат толығымен экономиканы дамытуға жұмсалуы қажет.
-->Қасым-Жомарт тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте қазір заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жұмысы жандана түскенін айтты, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Стратегиялық нысандар» ұғымын айқындау тәсілін қайта қарау қажет. Бәлкім, аймақтық маңызы бар стратегиялық нысан ұғымын енгізу керек шығар. Бұл – әлемдік тәжірибе. Бәрін ойланбай өзгерте беру экономикалық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін. Қазіргі геосаяси жағдайда бұл мәселенің өзектілігі тіпті арта түсті, - деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан салмақты және дербес экономикалық саясат жүргізуі керек екенін еске салды.
Қоғамдық ресурстар қолжетімді болуы үшін ашық аукцион қағидаттарын басшылыққа алу қажет. Бизнес өкілдері барлық міндеттемелерін адал орындау үшін тиімді бақылау жүйесін орнату керек.
Монополистерге қарсы қозғалған істер бойынша сапалы жұмыс атқарылуға тиіс. Ол үшін қазылардың білікті болуы аса маңызды. Қазір заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жұмысы жандана түсті. Қайтарылған активтер мен мүліктер қолды болып кетпеуі керек, - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, барлық қаражат толығымен экономиканы дамытуға жұмсалуы қажет.
Осы орайда қаржыны қайтарып, елімізді өркендетуге атсалысқысы келетін азаматтарға мынаны айтқым келеді. Жаңа индустриялық жобаларға қаржы салыңыздар.
Қазақстанда жаңа өндірістер ашып, жаңа жұмыс орындарын құрыңыздар. Сонда мұндай активтерге және оның иелеріне қатысты ешқандай мәселе туындамайды. Тағы да қайталап айтамын. Біз адал әрі ашық жұмыс істейтін бизнес өкілдеріне барлық жағдайды жасаймыз, - деді Президент.