Президент Қырғызстанмен өткізу пункттерінде индустриялық кешен құру туралы Заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.info.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.