Президент «Торғай – Ырғыз» автокөлік жолының құрылысын жеделдетуді тапсырды
Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram арнасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Президент Үкіметке «Торғай – Ырғыз» және батыс бағытындағы басқа да автокөлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында Торғай аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуы Үкіметтің айрықша назарында болуы керек екендігін айтқан болатын.