Саясат

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына барды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.

Кейін Президент  «Ынтымақ Ордо» ғимаратына барды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталады. Шара «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбында өтеді.