Саясат

Президент Шавкат Мирзиёевті әуежайдан қарсы алды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

Мәртебелі мейманды Алматы әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды аралап көреді.