Президент «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компанияның табысы:
2024 жылы таза табысы 39 пайызға, операциялық табысы 9 пайызға өскен.
Іске қосылған инфрақұрылымдық жобалар:
Екібастұздағы бірінші Мемлекеттік аймақтық электр стансасының №1 энергоблогы қалпына келтірілді;
Сиань қаласында көлік-логистика терминалы жұмыс істей бастады; Алматының энергетика кешеніне қажетті газ инфрақұрылымының құрылысы аяқталды;
Қарашығанақ кен орнында газды кері айдауға арналған бесінші компрессор пайдалануға берілді.
Инвестициялық жобалар:
биыл мамыр айында битум өндірісін кеңейту жобасы басталды;
Жыл соңына дейін тағы 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр.
Мәмілелер: Qazaq Air АҚ әуе компаниясы мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Теле2) ұялы байланыс операторын стратегиялық инвесторларға сату жөнінде мәмілелер жасалды. Бұл нарықтағы бәсекелестікті арттыруға және Қазақстан экономикасының негізгі секторларына инвестиция тартуға ықпал етеді.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы:
Қазіргі кезде 106 мектептің құрылысы бітуге жақын, жыл соңына дейін тағы 102 оқу ошағын салу жоспарланған.
Президент тапсырмасы:
компания активтерінің тиімділігін жоғарылату, құнын арттыру; инвестициялық жобаларды уақтылы және сапалы жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыру. Қасым-Жомарт Тоқаев Азия, Еуропа және АҚШ-тағы әлемнің ең ірі қорларымен ұзақмерзімді инвестициялық ынтымақтастық орнатудың маңызды екенін атап өтті.