Президент Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады
Мемлекет басшысы Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісіміне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады. Министр Мемлекет басшысына Ресей Президенті Владимир Путиннің хабарламасын жеткізді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі саналатын энергетика саласындағы серіктестік перспективасы талқыланды.