Президент Палестина халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестинаның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.