Саясат

Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасына бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке жаңартылған заңнамаға сай республикалық референдумға дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталық сайлау комиссиясының даму стратегиясын іске асырудың негізгі аспектілері баяндалды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.