Президент ОПЕК халықаралық даму қорының президенті Абдулхамид әл-Халифамен кездесу өткізді
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абдулхамид әл-Халифа өзара ықпалдастық және Қазақстандағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша ынтымақтастық перспективасын қарастырды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы еліміз ОПЕК қорымен серіктестікке стратегиялық тұрғыдан мән беретінін, соның ішінде MENA (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка) аймағымен байланысты нығайтуды көздейтінін атап өтті.
Өз кезегінде Абдулхамид әл-Халифа газ химиясы, көлік, су ресурстарын басқару және денсаулық сақтау сияқты негізгі салаларды қаржыландыру жоспарымен бөлісті.