Саясат

Президент Маңғыстау облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдап, облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндаманы тыңдады,  деп хабарлайды Elorda.info Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.

Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған. Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

-->