Мұнай-газ саласына Оңтүстік Корея технологияларын толыққанды трансферт жасау керек – Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысты, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы өз сөзінде жиынға қатысқан бизнес өкілдеріне ілтипат білдіре отырып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ең перспективті бағыттарына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жаңа экономикалық бағдардың дәйекті жүзеге асырылып жатқаны, инвесторларға қолайлы жағдай жасау шараларына баса мән берілетіні туралы айтты. Оның пікірінше, жер қойнауын пайдалану және өнеркәсіп сияқты стратегиялық мәні зор салалар Қазақстан мен Корея экономикалары кооперациясының маңызды бағыттары саналады.
Қасым-Жомарт Тоқаев аса маңызды шикізат игеру саласында еліміздің әлеуеті зор екеніне назар аударып, литий кен орнын игеруге және одан өңделу деңгейі жоғары өнім шығаруға ниетті оңтүстік кореялық серіктестермен (KIGAM, SK Ecoplant) ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Мемлекет басшысының пікірінше, автомобиль құрастыру саласындағы өзара тиімді өнеркәсіптік кооперацияны өрістетуге мол мүмкіндік бар.
Президент «жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығы артып келе жатқанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, еліміз агроиндустрия кешенін жоғары технологиялық салаға айналдыруға ниетті.
Президент Сингапур компанияларымен бірлесе жүзеге асырылатын «Alatau City» жобасына кореялық инвесторлар мен девелоперлерді де белсенді атсалысуға шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, медицина, фармацевтика және биотехнология салаларындағы ынтымақтастықты нығайту үшін зор мүмкіндіктерге жол ашылып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның кореялық серіктестерімен жасанды интеллект технологиясын дамыту, дата-орталықтар салу және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттары бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, бүгінгі форум екі елдің күш-жігерін біріктіруге және табысты кооперациясына тың серпін беретініне сенім білдірді.
Форумда Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль, Кореяның халықаралық сауда қауымдастығының төрағасы (Іскерлік кеңестің тең төрағасы) Джин Сик Юн, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Hyundai Motor Russia & CIS өңірлік штаб-пәтері басшысының орынбасары Им Дже У, Astana Motors компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев, Doosan Enerbility компаниясының вице-президенті Янг Юн Хо, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасары Әнуар Ахметжанов, SK Ecoplant компаниясының Алматы қаласындағы филиалының директоры Ли Джун Хек, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев және тағы басқалар сөз сөйледі.
-->Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысты, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы өз сөзінде жиынға қатысқан бизнес өкілдеріне ілтипат білдіре отырып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ең перспективті бағыттарына тоқталды.
Корея Республикасы – Қазақстанның бес ірі инвестициялық және сауда серіктесінің бірі. Кореядан экономикамызға тікелей тартылатын инвестиция көлемі он миллиард долларға жуықтады. Ал өзара сауда айналымы алты миллиард долларды құрады. Бүгінде Қазақстан нарығында Оңтүстік Кореяның 700-ден астам компаниясы жұмыс істейді. Олардың қатарында Hyundai, KIA, Samsung, LG, Doosan секілді жаһандық корпорациялар мен басқа да кәсіпорындар бар. Қазақстан Корея Республикасының Орталық Азия аймағындағы негізгі сауда-экономикалық серіктесі ретінде өз позициясын нығайтуға ниетті. Бұл туралы бүгінгі келіссөздер барысында сөз болды. Нақты жоспарлар әзірленді. Келісімдерге қол қойылды. Құжаттар елдеріміз арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз. Әсіресе, әлем экономикасы түбегейлі өзгеріске ұшырап, Азия құрлығы орнықты даму және ғылыми-технологиялық прогрестің көшбасшысына айналған қазіргі заманда мұның өзектілігі айрықша байқалады. Сарапшылардың болжамына сәйкес биыл әлемдік жалпы ішкі өнімнің 60 пайыз өсімін Азия қамтамасыз етеді. Бұл ретте Оңтүстік Корея «Азия ренессансында» ең маңызды рөл атқаратыны сөзсіз, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жаңа экономикалық бағдардың дәйекті жүзеге асырылып жатқаны, инвесторларға қолайлы жағдай жасау шараларына баса мән берілетіні туралы айтты. Оның пікірінше, жер қойнауын пайдалану және өнеркәсіп сияқты стратегиялық мәні зор салалар Қазақстан мен Корея экономикалары кооперациясының маңызды бағыттары саналады.
Мұнай-газ саласына Оңтүстік Корея технологияларын толыққанды трансферт жасау, сондай-ақ заманауи құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектер өндірісін жолға қою біз үшін маңызды. Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ секілді ірі мұнай-газ кен орындарында өндірісті кеңейтуге бағытталған жобалардың жүзеге асырылып жатқанын ескерсек, мұның өзектілігі арта түседі, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев аса маңызды шикізат игеру саласында еліміздің әлеуеті зор екеніне назар аударып, литий кен орнын игеруге және одан өңделу деңгейі жоғары өнім шығаруға ниетті оңтүстік кореялық серіктестермен (KIGAM, SK Ecoplant) ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Мемлекет басшысының пікірінше, автомобиль құрастыру саласындағы өзара тиімді өнеркәсіптік кооперацияны өрістетуге мол мүмкіндік бар.
Қазақстанда қазір Hyundai маркалы автомобильдер құрастырылады. Келесі жылы толық циклді KIA зауыты іске қосылмақ. Аталған жобаға 200 миллион доллар көлемінде инвестиция тартылды. Бұл ретте компанияның алғаш рет Оңтүстік Кореядан тысқары жердегі зауыт құрылысына қаржы салып отырғанын және ол үшін біздің елімізді таңдағанын атап өткен жөн. Оңтүстік Кореяның бірқатар компаниясы автомобиль өнеркәсібін дамытудың келесі кезеңіне кірісуді, яғни Қазақстанда автобөлшектер өндірісінің кластерін құруды жоспарлап отырғаны қуантады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент «жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығы артып келе жатқанын айтты.
Оңтүстік Корея компанияларымен осы бағытта тәжірибе алмасудан бастап, нақты жобаларды жүзеге асыруға және технологиялар трансфертіне дейінгі ықпалдастықты жүйелі түрде жандандырамыз деп үміттенеміз. Бұдан бөлек, біз дәстүрлі қуат көздерін де дамытуға мүдделіміз. Сондықтан Doosan Enerbility компаниясының Түркістан мен Атырау облыстарында газ электр станцияларын салу жоспарын құптаймыз, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, еліміз агроиндустрия кешенін жоғары технологиялық салаға айналдыруға ниетті.
Бүгінгі келіссөздер барысында Корея Президенті Қазақстанға «ақылды ауыл шаруашылығы фермалары» принципі бойынша жұмыс істейтін технологиялар жеткізу жөнінде ұсыныс айтты. Менің ойымша, бұл – өте жақсы ұсыныс. Біз аталған жобаны жүзеге асырамыз. Оңтүстік Кореяның жасанды интеллектіге, роботты техникаға және биотехнологияға негізделген инновациялық агротехнологиясын енгізуге мүдделіміз. Біздің шаруалар тиімділігі жоғары «ақылды» жылыжайлар салу тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытып отыр, – деді Президент.
Президент Сингапур компанияларымен бірлесе жүзеге асырылатын «Alatau City» жобасына кореялық инвесторлар мен девелоперлерді де белсенді атсалысуға шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, медицина, фармацевтика және биотехнология салаларындағы ынтымақтастықты нығайту үшін зор мүмкіндіктерге жол ашылып отыр.
Pfizer, Roche, GE Healthcare және Philips секілді әлемге әйгілі компаниялар елімізде дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың жергілікті өндірісін ашпақ. Оңтүстік Кореяның GL Rapha компаниясы Алматыдағы биофармацевтика зауытының құрылысына көп ұзамай кіріседі деп үміттенемін. Бұл нарық стандарттарын едәуір жоғарылатады. Сондай-ақ елімізде Оңтүстік Кореяның диагностика орталықтары мен көпбейінді зертханаларын ашудың келешегі зор, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның кореялық серіктестерімен жасанды интеллект технологиясын дамыту, дата-орталықтар салу және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттары бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.
Астана халықаралық қаржы орталығы біздің бәсекеге қабілетті инвестициялық ортамыздың берік негізі саналады. Біздің аймақтағы бұл бірегей алаңда әлемдегі жетекші қаржы орталықтарының артықшылықтары барынша ескерілген. Бүгінде АХҚО-да әлемнің ондаған елінен екі мыңнан астам компания табысты жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде Оңтүстік Кореядан 20-ға жуық компания бар. Біз қаржы технологиясы, IT, активтерді басқару және лизинг салаларында мұндай компаниялардың саны көбірек болғанын қалаймыз. Бұл ретте Оңтүстік Кореяның BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымы толыққанды екінші деңгейлі банкке айналуын құптаймыз, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, бүгінгі форум екі елдің күш-жігерін біріктіруге және табысты кооперациясына тың серпін беретініне сенім білдірді.
Бүгін мен K-Silk Road тұжырымдамасын толық қолдайтынымызды айттым. Шын мәнінде, бұл – өте маңызды тұжырымдама. Қазақстан аталған бағдарламаны іске асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.
Президент мырзаның айтуынша, келесі жылы осы тұжырымдаманың аясында Кореяда саммит өткізу жоспарланып отыр. Қазақстан бұл жиынға жан-жақты атсалысады деп ойлаймын. Қазақстан Үкіметі елімізде жұмыс істеуге ниетті оңтүстіккореялық компаниялар мен инвесторларға қажетті қолдау көрсетеді, – деді Президент.