Саясат

Президент Душанбе қаласына сапармен барды

Қасым-Жомарт Тоқаевты халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бүгін Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізеді және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.

Ертең Қазақстан Президентінің ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысуы жоспарланған.