Президент Дариға Тілендиеваның өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі қоғам қайраткері Дариға Тілендиеваның өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты», - деп жазылған хабарламада.