Саясат

Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат

Парламент Мәжілісінің депутаты Данабек Исабеков Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында жасампаз ұлт болудың бағдарын айқындап бергендігін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында елдің бірлігін бекемдеп, берекесін арттыру бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыра берудің маңызын атады. Ассамблея өз жұмысын елдің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажеттілігін сөз етті.

Президент айтқан құндылықтар ел дамуында негізгі қозғаушы күш болатыны анық. Бұл – бұлжымайтын қағида.

Ата-бабаларымыз азаттық жолында өздерін құрбан етіп, ұрпағының саулығын, бастысы, тәуелсіз болуын тіледі. Сол үшін оққа кеудесін тосты, отқа да түсті, суға да батты, аштықтың нәубетінен де өтті. Ақын Жұбан Молдағалиевтің тілімен айтқанда, мың өліп, мың тіріліп, бүгінге жетті. Енді Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, келешек ұрпаққа аманаттауы керек.

Ол үшін бірлікті бекемдеп, тірлікті түзеп, әрбір істе жауапкершілікпен атқару маңызды. Қоғамның барлық саласында әділдік принциптерін сақтап, заң мен тәртіпті орнықтыру керек-ақ. Мұның бәрі мемлекетті бәсекеге қабілетті етудің алғышарты ғана. ХХІ ғасырда адами капиталдың сапасын арттыру маңызды рөлге ие. Адами капитал – білімділіктен, еңбекқорлықтан, кәсібиліктен көрінеді. Ендеше, Президент айтқандай, қазақ қоғамы еңбекқор болмай, ұпайымызды түгелдеу қиын.

Қасым-Жомарт Кемелұлы кезекті рет елдіктің байрағын биік ұстаудың жолын көрсетіп, бізге жасампаз ұлт болудың бағдарын айқындап берді. Енді біздің алдымызда сөзден іске көшіп, нақты міндеттерді өміршең ету міндеті тұр.

-->

Біз Құрылтайдың Атыраудағы отырысында негізгі идеологиялық тұжырымдарды жинақтап, жүйелеп алып, жалпыға ортақ құндылықтарды айқындадық.

Бұл – ең алдымен, Тәуелсіздік және Отаншылдық.

Одан кейін – Бірлік және Ынтымақ.

Келесі – Әділдік пен Жауапкершілік.

Сондай-ақ – Заң және Тәртіп.

Бұдан соң – Еңбекқорлық пен Кәсібилік.

Және – Жасампаздық пен Жаңашылдық, - деп қоғамның негізгі тірегін, мемлекеттік мұраттың принциптерін айқындап берді.