Саясат

Президент бір топ ұстазға мемлекеттік наградаларды табыстады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ ұстазға мемлекеттік наградаларды табыстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталды:

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді

Байсаринова Раушан Алтыбайқызы – Өскемен қаласы Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Дәуітова Светлана Қадырқызы – Алматы қаласы № 59 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Испанова Ләззат Сарқытбайқызы – Жетісу облысы Қаратал ауданындағы орта мектеп директоры

Құдайбергенова Айсұлу Сайлауханқызы – Алматы қаласы № 176 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі

Аблемова Шолпан Бақытқызы – Петропавл қаласы № 4 орта мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі.

«Құрмет» орденімен

Әбішева Шолпан Шәріпбайқызы – Алматы қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі

Әбуева Раушан Бәкірқызы – Жамбыл облысы Сарыкемер мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

Даурықбаева Шұға Амангелдіқызы – Қарағанды қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі

Гүл Муаммер – Нұрорда Алматы еуразиялық халықаралық мектебінің мұғалімі

Жайырбаева Рысжан Сағдолдақызы – Астана қаласы Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі

Қолдашева Оксана Владимировна – Павлодар қаласы Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі

Имашпаева Гүлжайна Ашанқызы – Өскемен қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі

Рақымова Гүлнәр Мизинбайқызы – Астана қаласы № 6 гимназия директорының орынбасары

Степанова Елена Александровна – Алматы қаласы архитектура, дизайн және инженерия колледжінің өндірістік оқыту шебері.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Айтілеуов Нұртас Әбдуаитұлы – Түркістан облысы Баласағұн атындағы № 4 жалпы білім беретін мектебі математика пәнінің мұғалімі

Әбенова Ләззат Өтегенқызы – Қызылорда облысы Толыбеков атындағы № 3 мектеп-лицейі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі

Құрмашев Абзал Назымбекұлы – Ақмола облысы Білім-инновация лицей-интернаты тарих пәнінің мұғалімі

Әлмішева Ләззат Шайзақызы – Жезқазған қаласы № 3 жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Король Алла Васильевна – Астана қаласы қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің өндірістік оқыту шебері

Нәжіметова Зухра Тайырқызы – Шымкент қаласы Гагарин атындағы № 34 орта білім беретін мектебі химия-биология пәндерінің мұғалімі

Рақымова Эльмира Ерсәлімқызы – Қостанай қаласы № 1 мектеп-лицейінің мұғалімі

Сәбитов Аян Баянбекұлы – Ақтөбе облысы Дарынды жасөспірімдерге арналған Білім-инновация лицей-интернатының мұғалімі.

«Шапағат» медалімен

Нұрмағанбетов Ербол Зермұханбетұлы – Алматы қаласы Білім-инновация лицей-интернаты биология пәнінің мұғалімі

Әбішева Рысгүл Төкенқызы – Абай облысы Аягөз ауданы № 10 қазақ мектеп-гимназиясының мұғалімі

Бахдәулетұлы Ибраһим – Атырау облысы Білім-инновация лицей-интернаты химия пәнінің мұғалімі.