Саясат

Президент бастамалары: Бір жылда нақты қандай қадамдар жасалды?

Өткен жылы Ата-заңдағы 33 бапқа өзгеріс енгізілгелі, Президент билігінің саяси реформалық бастамалары мемлекеттің құрылымдық, әкімшіліктік, институционалдық орны нақтыланып бекітілді. Әсіресе, Президент болатын тұлға, келешекте екі рет ел басқару құқығына ие болмауы, оның саяси партияға төрағалығы тұрмақ мүшесі де болуына тыйым салынуы, әрі қарай оның жақын туысқан-жұрағатына дейін мемлекеттік, квазикомпанияларда басқаруға жақындатылмауы, бұл еліміздің нағыз құқықтық, әділдікті орнатуға бет бұрған оң қадамы екеніне ешкім шүбә келтірмес. 

Бұл үрдіс әлем елдерінің тәжірибесінде кеңінен қолданып келе жатқанынан сарапшылар мен ғалымдар ортасы таныс. Мысалы, әйгілі Ли Куан Юдің мемлекет басына келгелі өткен ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап, әділ билік үшін достары мен туыстарына дейін шектеу жасап, керек болса түрмеге қамап, заңның төрелігіне орын берген құрбандығы еш кетпеді. Сингапур және сингапурлықтардың мемлекетті басқарудағы озық үлгісі сонысымен де әйгілі.  

Осы бағытта Конституциялық соттың құрылуы, адам құқығының қорғалуы соңғы Ата заңның инстанциясына әкеп тіреді. Яғни, құқықтық әділеттілік тек соттың ең жоғарғы күшімен негізделді деген сөз.

 Аймақтардағы ауыл жағдайымен қоғам өзі де қанық. Дегенмен, жерінен айырылып қалған ауылға жерін қайтаруда, инфрақұрылымын күшейтуге, кәсібін көркейтуге әрі қарай күш-жігерін аямайтыны жайлы сайлауда ерекше қозғалды. Бір ғана цифр, 1 триллион теңгенің ауыл шаруашылығы кооперациясына бағытталуы көп нәрсені аңғартты.   Сол бастама 1-і наурыздан күшіне еніп, биылдың өзінде 56 млрд теңгеге ауылда жас кәсіпкерлерге 2,5 пайызбен үлестірілді. Әлі де үш жылдық бюджетпен жүзеге асырылатын бағыт аймақтардың күшюіне үлесін қоса бермек. Осы ретте, ауылдағы ағайынның еншісіне мемлекеттің қарамауына 8 млн гектар жердің қайтарылып жатқанын да айта кетуіміз керек. Бұл әлбетте, кешегі Ел аманаты жобасының нәтижесі.

Сайлаудағы  «Әділетті Қазақстан» деген ұранды ту еткен Қасым-Жомарт Кемелұлының  халықтық бағдарламасы -  бүгінгі өзгерістердің нық қадамдарына    себеп болды. Әділетті Қазақстанның басты құндылықтары - тәуелсіздік пен елдің тұтастығы, бірлігі, еңбекқорлығы, патриотизмі, отбасы жайы, қазақстандықтардың тарихы мен дәстүрлерінің болуы да осыдан. 

Сөз соңына, Алматыдағы Қасым-Жомарт Кемелұлының болашақ Президенттің қандай болуына берген анализі көп нәрсені аңғартты. Сондағы «Президент - халық белгілі бір мерзімге келісімшарт жасасатын жалдамалы менеджері. Бұл қызметте кім келіп-кетпесін, халық, тарих және өз ар-ұяты сияқты үш төрешінің алдында жауап беретін болады» деген сөздерін ұмытқан жоқпыз. Қазір бір жылдық ширек тарих пен дана халқымыз өзінің жоғары бағасын беруде. 

Мақсат ЖАҚАУ

-->

Кезінде әйгілі Спартактың «адам алаң үшін емес, тәуелсіздік үшін жаралған», деген қанатты сөздері өміршең. Өткен жылғы президенттік сайлау науқанында, бұл мәселе өзінің өзектілігін жоғалтпай, ел Президенті «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген ойды сайлауалды бағдарламасында көтергені есімізде.   Осы бағытта ел тәуелсіздігін бекемдеуге былтырғы Президенттің 16-наурыздағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауындағы, «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» деген ұранмен құр сөз еместігін, саяси реформалардың шынайы халықтық басым бағыттары екендігін көрсетті. Нәтижесінде, ауыл әкімдерінің сайлану практикасы, аудан мен қала әкімдерінің деңгейіне көтерілді. Және де аудан Маслихатына жаппай өзін-өзі ұсынған кандидаттармен, ал облыстық Маслихаттар елу пайызы партиялық және жеке мандатпен енуін биылғы 19 наурыздағы сайлау көрсетті. Айтпақшы, саяси плюрализм тұрғысынан айтсақ, көппартиялық саяси алаң қалыптасты. Парламентке алты партия енді, халықтық демократия қағидасы қозғалды. 

 Аймақтардағы ауыл жағдайымен қоғам өзі де қанық. Дегенмен, жерінен айырылып қалған ауылға жерін қайтаруда, инфрақұрылымын күшейтуге, кәсібін көркейтуге әрі қарай күш-жігерін аямайтыны жайлы сайлауда ерекше қозғалды. Бір ғана цифр, 1 триллион теңгенің ауыл шаруашылығы кооперациясына бағытталуы көп нәрсені аңғартты.   Сол бастама 1-і наурыздан күшіне еніп, биылдың өзінде 56 млрд теңгеге ауылда жас кәсіпкерлерге 2,5 пайызбен үлестірілді. Әлі де үш жылдық бюджетпен жүзеге асырылатын бағыт аймақтардың күшюіне үлесін қоса бермек. Осы ретте, ауылдағы ағайынның еншісіне мемлекеттің қарамауына 8 млн гектар жердің қайтарылып жатқанын да айта кетуіміз керек. Бұл әлбетте, кешегі Ел аманаты жобасының нәтижесі.

Аймақтардың тағы бір ұтымды орнығуын Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының құрылуымен байланыстыру тиіспіз. Өйткені, өнеркәсіптік аудандандары мен инфрақұрылымы жиі шоғарланған аймақтар, өз алдына отау тігіп шықты, жергілікті өзін-өзі басқару институттары жасақталды. Бұл да естуші биліктің үлкен саяси ерік-жігерінің айғағы.

Сайлаудағы  «Әділетті Қазақстан» деген ұранды ту еткен Қасым-Жомарт Кемелұлының  халықтық бағдарламасы -  бүгінгі өзгерістердің нық қадамдарына    себеп болды. Әділетті Қазақстанның басты құндылықтары - тәуелсіздік пен елдің тұтастығы, бірлігі, еңбекқорлығы, патриотизмі, отбасы жайы, қазақстандықтардың тарихы мен дәстүрлерінің болуы да осыдан. 

Табиғи байлықтың инвестициялық түсімінің елу пайызын болашақ балалардың шотына 2024 жылдан аудара бастайтын «Ұлттық қор – балаларға» Заңы дәлел. Ал, сыртқа түрлі жолмен тарыдай шашылған ел байлығы шетелге   активтердің  қайта бастағанын, бүгін ешкім жоққа шығармайды. Қоғамның да күткені осы еді.