Саясат

Президент Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысына Қаржылық мониторинг агенттігінің биылғы 9 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі және алдағы уақытқа арналған жоспары туралы баяндалды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Агенттік төрағасы Жанат Элимановтың баяндамасына сәйкес, Мемлекетке жалпы сомасы 217 миллиард теңге болатын активтер қайтарылды, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың деңгейі 18,7 пайызға дейін төмендеген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы адал бизнесті қорғау, қаржы және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейту қажет екенін ерекше атап өтті.

-->

Құқық қорғау органдарына 229 талдау материалы жолданған, есірткі сатушылардың қаржылық операцияларын бұғаттау тәжірибесі жолға қойылған. Бұл жұмыс азаматтарды, әсіресе жастарды, есірткіні онлайн сатып алудан сақтайды;

есірткінің заңсыз айналымынан түсетін кірістерді жылыстату үшін пайдаланылған 924 банктік шот бұғатталған;

криптоактивтерді пайдалана отырып жасалатын экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы бөлімше құрылған;

крипто-әмияндарға тыйым салу және цифрлық валютаны алып қою тетігі әзірленген;

заңсыз 9 крипто алмастырғыштың қызметі жойылған. Ондағы қаржы айналымы 17 миллиард теңгеден асқан; 

елімізде алғаш рет криптовалюта арқылы қылмыстық жолмен тапқан 47 миллион теңге табыс тәркіленіп, Агенттіктің Binance криптобиржасындағы арнайы шотына салынған;

террористік және экстремистік ұйымдардың шоттарына қаражат аударуға көздеген 976 әрекет анықталып, бұғатталды,- деді агенттік төрағасы Президентке берген есебінде.  