Саясат

Президент Алматы әуежайында күдіктіні ұстаған адамды мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайынан хабардар екенін жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды», – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бүгін пышақ ұстаған ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алған еді. Желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адамның қыздың шашынан тартып ұстап алғанын байқауға болады.