Парламент депутаттары каникулға кетті
Парламент палаталарының бірлескен отырысында сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылды, деп хабарлады Elorda.info.
Депутаттар биылғы 1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул деп жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады.
-->Депутаттар биылғы 1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул деп жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады.
Сегізінші сайланымды басқа шақырылымдарға қарағанда ең жас Парламент деп атауға болады.
Жасы әлі 35-ке толмаған 13 депутат Қазақстан жастары атынан өкілдік етуде.
Бүгінгі таңда жаңарған Парламент – саяси мәдениеті жоғары, беделді халық қалаулыларынан құралған, - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.