Саясат

Осы аптада Қазақстанға Словакия премьер-министрі ресми сапармен келеді

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

10-11 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келеді.

Келіссөздер барысында Қазақстан Президенті мен Словакия Үкіметінің басшысы қазақ-словак серіктестігін кеңейту перспективасын талқылайды.