Орталық Азияның бес мемлекеті АҚШ-пен ашық диалог орнатты
БҰҰ Бас ассамблеясының кезекті сессиясы аясындағы кездесулердің бірегейі С5+1 форматындағы Орталық Азияның бес мемлекеті басшылары мен АҚШ президентінің арасындағы кездесу саммиті болды, деп хабарлайды Elorda.info.
Аталған саммиттің геосаяси және геоэкономикалық маңызы анағұрлым жоғары екенін аңғаруға болады. Оған Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Венгрия, Словакия сияқты мемлекеттер басшыларымен кездесіп, бірқатар пайдалы келіссөздер жүргізуі дәлел. Оған әлемдік нарықта ойып тұрып орын алатын компаниялардың бас менеджерлерімен ресми кездесулерін де қосыңыз.
Орталық Азияда АҚШ-тың бізден кейінгі екінші орындағы ірі аймақтық сауда серіктесі Өзбекстанмен 7% үлесі болса, ал қалған 7% үлестер Тәжікстан, Қырғызстан және Түрікменстандарға тиесілі болып келді.
Экономикалық державалардың алғашқы екі орнын иеленетін Бейджин мен Вашингтон, Орталық Азия елдерінің егемендігіне, аумақтық тұтастығына, дамуының кепілі болуға тырысып бағуы кездейсоқтық емес. Мысалы, бұл жайында 2020 жылдың ақпанында АҚШ Мемлекеттік департаменті «Орталық Азияның 2019-2025 жылдарға арналған стратегиясы: егемендік пен экономикалық өркендеуді нығайту» атты негіздемелік құжатында жариялады.
Сондағы құжаттың мақсаты - Вашингтонды Орталық Азия республикаларының тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындап, олардың қауіпсіздігін, дамуы мен өркендеуін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау болмақ делінген.
Тек, ШЫҰ әскери блок болмаған соң ғана, АҚШ немесе НАТО сияқты алыптар, ұйымның әр қадамынан ілік іздеуге тырыспайды. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені ШЫҰ-ң стратегиялық мақсаттары негізінен, аумақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық, лаңкестікпен, экстремизммен, сепаратизммен күрес, экономикалық өзара әрекеттістіктің дамуы, энергетикалық әріптестік, ғылыми, мәдени байланыстардың ықпалдасуы болған. Аталған мәселелер, АҚШ-та өткен саммиттің күн тәртібінде де жаңа қырымен қарастырылды.
Аумақтық тұтастықты бұзатын лаңкестік, есірткі саудасы, заңсыз миграция, территориалдық тыныштық т.с.с. халықаралық мәселелерге толы тақырыптардың аясында әңгіме өрбіген саммиттің нәтижелі аяқталды. Бұған геосаяси ойынға айналып кетпейтін ынтымақтастығы мен бірлігі мол Орталық Азия көшбасшыларының мұхиттың арғы жағында «Сэм ағаймен» С5+1 форматындағы ашық талқылауы негіз болуы тиіс.
Мақсат ЖАҚАУ
-->Аталған саммиттің геосаяси және геоэкономикалық маңызы анағұрлым жоғары екенін аңғаруға болады. Оған Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Венгрия, Словакия сияқты мемлекеттер басшыларымен кездесіп, бірқатар пайдалы келіссөздер жүргізуі дәлел. Оған әлемдік нарықта ойып тұрып орын алатын компаниялардың бас менеджерлерімен ресми кездесулерін де қосыңыз.
Себебі, бұған дейін қазіргі президент Дж.Байденнің жетекшілігіндегі АҚШ әкімшілігі, Орталық Азиядағы ең ірі сауда-экономикалық серіктесі деген мәртебесін ешкімге берген емес. Мысалы, АҚШ-тың Қазақстанмен тауар айналымы 3,8 млрд долларды немесе Вашингтонның Орталық Азия елдерімен барлық саудасының 86% құрауының өзі, әлемдік №1 экономикалық державаның геосаяси мүддесін байқатады.
Орталық Азияда АҚШ-тың бізден кейінгі екінші орындағы ірі аймақтық сауда серіктесі Өзбекстанмен 7% үлесі болса, ал қалған 7% үлестер Тәжікстан, Қырғызстан және Түрікменстандарға тиесілі болып келді.
Осы жерде Қазақстан американдық инвестициялардың ірі өңірлік хабы болып табылады. Бұны Президент Қ.Тоқаевтың өзі де, саммит барысында негіздеп кетті. Егер статистикаға салсақ, 2022 жылдың үш тоқсанында американдық инвестиция 5 миллиард долларды құрапты, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9 миллиард долларға немесе 59% өскен. Әрине, жоғарыда аталған сандардың көрсеткіштерінен, алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала деген қағиданың тиімділігін көрсетті. Бірақ бұндағы инвестицияның артында геосаяси мәселелердің қылаң беруі де ықтимал.
Экономикалық державалардың алғашқы екі орнын иеленетін Бейджин мен Вашингтон, Орталық Азия елдерінің егемендігіне, аумақтық тұтастығына, дамуының кепілі болуға тырысып бағуы кездейсоқтық емес. Мысалы, бұл жайында 2020 жылдың ақпанында АҚШ Мемлекеттік департаменті «Орталық Азияның 2019-2025 жылдарға арналған стратегиясы: егемендік пен экономикалық өркендеуді нығайту» атты негіздемелік құжатында жариялады.
Сондағы құжаттың мақсаты - Вашингтонды Орталық Азия республикаларының тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындап, олардың қауіпсіздігін, дамуы мен өркендеуін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау болмақ делінген.
Мұнда тағы бір ескеретін фактор Еуразияның 65%, яғни 35 млн шаршы шақырымы енетін аумақ, дәл осы Орталық Азияның бес бөрілері мүшелігіне кіретін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) халықаралық кеңістігі мен мәртебесі де күшейіп келе жатыр. Әлбетте, 3,5 млрд халықты иеленетін әлемдегі екінші экономика мен ішкі жалпы өнімі бойынша үшінші орынды, тұтынушылық паритеті бойынша бірінші қатардан табылатын мүшелері бар ұйымның халықаралық аймақтық потенциалы зор. Әлем державаларының тең жартысы Ресей, Қытай, Үндістан, Иран елдері бастап тұрған ұйымның мүшелері халықаралық саяси аренада консенсустық диалогтарда өз мүдделерін анықтап алуды көздейді.
Тек, ШЫҰ әскери блок болмаған соң ғана, АҚШ немесе НАТО сияқты алыптар, ұйымның әр қадамынан ілік іздеуге тырыспайды. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені ШЫҰ-ң стратегиялық мақсаттары негізінен, аумақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық, лаңкестікпен, экстремизммен, сепаратизммен күрес, экономикалық өзара әрекеттістіктің дамуы, энергетикалық әріптестік, ғылыми, мәдени байланыстардың ықпалдасуы болған. Аталған мәселелер, АҚШ-та өткен саммиттің күн тәртібінде де жаңа қырымен қарастырылды.
Президент Қ.Тоқаев, Қазақстанның барынша инвестициялық ахуалды жақсартып, жан-жақты келісімдерді, жаңа логистикалық-көлік картасын жаңартып, аймақта қолайлы геоэкономикалық ахуалды туғызуға атсалысып жүргендігін көрсетті. Ал аймақтық деңгейде Қытаймен, Үндістан, Түркия, Иран, Оңтүстік-шығыс Азия елдерімен экономикалық байланыстарының күшейіп келе жатқанын алдыға тартты.